Роман Скляр Қазақстан премьер-министрінің міндетін уақытша атқарушы болды

Осы уақытқа дейін ол Қазақстанның бірінші вице-премьері болды
Sputnik
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметін ортставкаға жіберіп, премьер-министр міндеттерін уақытша атқаруды Роман Склярға жүктеді.
Ол 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.
Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын "Экономист" мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.
1989–1990 жылдары "Казпромтехмонтаж" шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.
1990 жылдан бастап Павлодар қаласындағы "Вахинвест" бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері болды.

Еңбек жолы

1990–1999 жылдары – "Ансат-Павлодар" ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор;
1999–2002 жылдары – Павлодар қаласындағы "Тыныс" ЖШС директоры;
2002–2003 жылдары – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы;
2003–2005 жылдары –Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы;
2005жылдың қантардан бастап –Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы;
2005 жылы сәуірден бастап –Павлодар облысының әкімі аппаратының басшысы;
2006 жылдан бастап – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;.
2006–2007 жылдары – Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі;
2007–2008 жылдары – Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры;
2008–2010 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары;
2010–2011 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары;
2011–2013 жылдары –Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі;
2014–2016 жылдары – "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті;
2016 жылы –мәжіліс депутаты, парламент мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы;
2016 жылы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
2016–2019 жылдары — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі;
2019 жылғы ақпаннан бастап – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап – президент жарлығымен премьер-министрдің орынбасары;
2022 жылғы 11 қаңтарда – премьер-министрдің бірінші орынбасары.
2024 жылғы 5 ақпаннан бастап премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.