АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли ҚР премьер-министрі мен үкімет мүшелерінің қалай тағайындалатыны туралы айтты. Оның айтуынша, Amanat партиясы Қазақстанның жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады.
"Конституциямызға сәйкес, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі Amanat саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды", - деді Берік Уәли.
Мақұлданған жағдайда президент премьер-министрдің кандидатурасын оның келісіміне сәйкес парламент мәжілісіне қарауға жібереді. Мәжіліс келіссе, Тоқаев жаңа премьер-министрді тағайындайды. Одан кейін үкіметті жасақтау басталады.
Еске сала кетейік, бүгін Тоқаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.
7 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.