АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Билли Айлиштің "Барби" фильміне арналған "What Was I Made For?" әні АҚШ Дыбыс жазбасы академиясының нұсқасы бойынша жылдың ең үздік әні атанды, деп хабарлады РИА Новости.
"Грэмми" сыйлығын табыстау бойынша 66-шы салтанатты рәсім Лос-Анджелесте өтті.
Сондай-ақ жылдың ең үздік әні атағы үшін "Барби" фильмінің саундтрегі тізіміндегі "Dance the Night" (Дуа Липа), "Butterfly" (Джон Батиста), "Flowers" (Майли Сайрус), "A&W" (Лана Дел Рей), "Vampire" (Оливия Родриго), "Kill Bill" (SZA) және "Anti-Hero" (Тейлор Свифт) таласты.
Майли "Flowers" әнімен ең танымал жеке орындау бойынша "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды. Үздік танымал альбом жүлдесі "Midnights" композициясы үшін Тейлор Свифтке берілді. Жүлдені алған әнші бұл оның карьерасындағы 13-ші "Грэмми" екенін айтты. Ол сонымен қатар жаңа альбомы 19 сәуірде шығатынын хабарлады.
R&B стиліндегі үздік әні үшін "Грэммиді" SZA жеңіп алды.