АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Астанада үш баланы ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның үш баланы ұрған сәті бейнекамераға түсіп қалған. Бұл оқиға көпшіліктің наразылығын тудырды. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.
"Байқоңыр ауданының полиция басқармасы осы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомство.