Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

Жоба Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілді
Sputnik
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Алматының Алатау ауданында салынатын қаладағы үшінші вокзалдың құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді.
Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді.
Бұл қаланың автожол инфрақұрылымының көлік жүктемесін азайтады. Жоба Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарында және көлік қаңқасының шебер жоспарында көрініс тапқан.
"Жаңа теміржол платформасын салуға арналған аумақ "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы"АҚ-ға тиесілі магистральдық желіде орналасқан. Вокзал Мәдениет шағын ауданы маңында салынады", – деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.
Платформаны "Қазақстан темір жолы" салады. Әкімдіктің басты міндеті – вокзал мен вокзал маңындағы алаңды қамтамасыз ету. Қазір 2 апта бұрын жарияланған көлік қаңқасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр.