Республикалық маңызы бар автожолдарда шектеу енгізілді

Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 432 техника және 563 адам жұмыс істеп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. 4 ақпан сағат 17.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақмола облысында – 1 учаске
"Екатеринбург - Алматы" тасжолының 1292-1353 шақырымында, Жібек жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық – 61 шақырым (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Ақтөбе облысында– 2 учаске
"Самара-Шымкент" автожолының 776-965 шақырымы, ЭКО Ойл жанармай құю бекетінен - Қарабұтақ кентіне дейін – 189 шақырым.
"Самара-Шымкент" тасжолының 965-1153 шақырымы, Қарабұтақ кентінен - Ырғыз кентіне дейін – 188 шақырым (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).
Жамбыл облысында – 1 учаске
"Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 159-238 шақырымы, Кенен ауылынан – Қайнар ауылына дейін – 79 шақырым (тұман, шектеулі көрініс, жел).
Қарағанды облысында – 3 учаске
"Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы" 0-16 шақырымы, Пришахтинск кентінен -Новостройка ауылына дейін – 16 шақырым.
"Екатеринбург-Алматы" тасжолының 1426-1446 шақырымы, ақы алу пунктінен – Теміртау қаласына дейін – 20 шақырым.
"Екатеринбург - Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан – Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 шақырым (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).
Қостанай облысында – 1 учаске
"Жезқазған-Петропавл" тасжолының 252-335 шақырымы, Ұлытау облысының шекарасынан – Арқалық қаласына дейінгі аралық – 83 шақырым (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
Ұлытау облысында – 1 учаске
"Жезқазған-Петропавл" автожолының 137-252 шақырымы, Ұлытау кенітнен – Қостанай облысының шекарасына дейін – 115 шақырым (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 432 техника және 563 адам жұмыс істеп жатыр.