АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан бірқатар спорт нысанын аралады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Роман Скляр, Ермек Маржықпаев, Жеңіс Қасымбек құрылыс нысандарын аралады
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Ол туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және мәслихат төрағасы Маслан Каналимовпен бірге алдымен құрылысы жүріп жатқан Ұлттық спорт университетінде болды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. ЖОО-ны іске қосу кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал етеді.
Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында спорт нысандарына барды.
"Сондай-ақ премьер-министрдің бірінші орынбасарын спорт нысандарының инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистральдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтарды абаттандыру жұмыстары туралы хабардар етті", - делінген хабарламада.
Бұған "Қазанат" ипподромын, оған кіреберіс жолды кеңейту, трибуналарды күрделі жөндеу, ат қоралар салу, көкпар алаңдары және т.б. кіреді. Сондай-ақ "Астана-Арена", "Алау" және "Барыс Арена" мұз сарайларының іргелес аумақтарын кешенді абаттандыру жұмысы тексерілді.
Айта кетері, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ҚР Ұлттық мұражайы, Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, "Думан" қонақ үйі және "Қазақстан" жеңіл атлетика спорт кешені аумағында өтеді.