Ақтаудағы Rixos қонақүйі Қаракөл көліне ағынды сулар төгетін құбырды бөлшектеді

Енді қонақүй суды қалалық канализацияға төгіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Ақтаудағы "Риксос" қонақүйі Қаракөл көліне апаратын құбырды бұзды. Олар дәлел ретінде бейнежазбаны ұсынды, деп жазады Лада.
Rixos хабарлағандай, қазір қонақүй толықтай қалалық орталық кәріз жүйесіне қосылған. Қонақүй тарапынан қоршаған ортаға антропогендік әсер жоқ. Сондай-ақ, уәкілетті органның экологиялық бақылау саласындағы кемшіліктерді жою туралы ұйғарымы шығарылып, ол мерзімінен бұрын орындалды, деп сендірді әкімшілік.
"Қаракөл көліне ағынды су құятын құбыр бөлшектелді. Мемлекеттік бюджетке төлемдер жасалды", - деді Rixos.
Бұған дейін қонақ үйге қарсы екі әкімшілік істер қозғалғаны хабарланған болатын.
Мұнда тексеру Қаракөл көлінде аққулар жаппай қырылғаннан кейін басталды.
Ақтауда аққулардың жаппай қырылуы: қонақүйге қатысты бірнеше іс қозғалды