Ақмола облысында қатты жел мен көктайғақ салдарынан 11 көлік соқтығысты

Бес адам зардап шекті
Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Ақмола облысында жаппай жол апаты болды. 11 көлік соқтығысты.
Ірі жол апатына қолайсыз ауа райы – қатты жел мен көктайғақ себеп болуы мүмкін деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.
Апат орнынан видео жарияланды.
Жол апаты Екатеринбург – Алматы тасжолынада Бірсуат ауылының маңында болған.
Жаппай жол апатының салдарынан 5 адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілген.
Апат орнынан видео жарияланды.