Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украиналық 7 дрон атып түсірілді: салдарынан Волгоградтағы мұнай өңдеу зауытынан өрт шықты

Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Белгород, Волгоград және Ростов облыстарындағы дрондарды бейтараптандырды
Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Әскерилер Белгород, Волгоград және Ростов облыстарында жеті украиналық дронды жойды, деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі.
"Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің кезекшілері Белгород (4 дрон), Волгоград (2 дрон) және Ростов (1 дрон) облыстарының аумағында Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттарын жойды", - делінген хабарламада.
Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаровтың айтуынша, құлаған дрондардыңбірінің салдарынан Волгоградтың Красноармейск ауданындағы мұнай өңдеу зауытында өрт шыққан.
Өрт 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Мұнай өнімдері жанған, алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрт ауыздықталып, толығымен өшірілді.
Ростов облысының губернаторы Василий Голубев Ростов облысында түнде әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері украиналық дрондарды талқандау операциясынанкейін ешкім зардап шекпегенін, ешқандай нысанға зақым келмегенін атап өтті.
Оның Белгород облысындағы әріптесі Вячеслав Гладков Новооскольск қалалық округінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі іске қосылғанын, ұшақ типтес дрон атып түсірілгенін, одан ешкімнің зардап шекпегенін атап өтті.