АЛМАТЫ, 3 ақпан - Sputnik. Қазгидромет ел аумағында 3 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
"Қар жауып, бұрқасын күтіледі, батысымызда жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын түседі. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман сақталады, батыста көктайғақ болады", — деп жазды ведомстводан.