АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik."Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 3 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 14:36-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Афтершок Қытай аумағында тіркелді.
Зілзаланың энергетикалық класы 11.9
Магнитудасы 5.3. MPV.
Эпицентрінің бағыты 41.18° с.е. 78.53° ш.б. жатыр.
Тереңдігі 5 км.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат жоқ.