АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
2 ақпан сағат 11.00-дегі ахуалға сәйкес:
Жамбыл облысында – 2 учаске
"Алматы-Ташкент-Термез" 534-593 км, Айша Бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.
"Алматы-Ташкент-Термез" 159-476 км, Кенен ауылынан Ақшолақ ауылына дейін – 317 км. Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Жетісу облысында – 1 учаске
"Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Түркістан облысында – 1 учаске
"Алматы-Ташкент-Термез" 593-652 км, Жамбыл облысының шекарасынан Машат елді мекеніне дейін – 59 км.Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 893 бірлік арнайы техника және 1145 жолшы жұмылдырылды.