Түркістан облысында білім саласында 530 млн теңге жымқырылған

Үш күдікті екі айға қамауға алынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Түркістан облысы Жетісай ауданында білім бөлімінің есепшілері 530 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Облыс прокуратурасы "Жетісай ауданының білім бөлімі" ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Бұл мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет қаржысын аса ірі мөлшерде жымқырғаны анықталды. 530 млн теңге залал келтірілген", - деп жазды ведомство.
Үш күдікті сот санкциясымен екі айға қамалды.
Өңірлер
Маңғыстауда 76 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған мектеп есепшісі сотталды