Президент әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар әскери қызметке шақырылады
Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметін өткергендерді запасқа шығару және мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілер биыл наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында запасқа шығарылады. Олар:
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері;
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі.
Тура сол уақытта әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар осы органдарға әскери қызметке шақырылады.
Жергілікті атқарушы органдарға әскери қызметке шақыру шараларын ұйымдастыруға тиіс.