АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікке ілініп, ол Шымкентте ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Комитеттегілер хабарлағандай, радикалды діни көзқарастағы азамат 2024 жылдың 1 ақпанында ұсталды. Мұны ҰҚК қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып жасады.
Тергеушілердің хабарлауынша, ол Қазақстанда терроризмді насихаттаумен қатар, лаңкестік топтар жағында соғыс қимылдарына қатысу үшін Сирияға өтуді жоспарлаған.
Сотталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстанның Қылмыстық кодексінің "Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария үгіттеу" 256-бабымен кінәсі танылғандардың мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.