АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Брюссельдегі ЕО саммитіне қатысушыларға бейнебаянында батысқа көмек жетіспейтіндігін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Ол Киевті қолдау үшін 50 миллиард еуро бөлу жөніндегі бағдарлама бекітілгеннен кейін мәлімдеме жасады.
"Өкінішке орай, Украинаға миллион артиллериялық снаряд беру туралы Еуропалық жоспардың орындалуы кейінге қалдырылды. Бұл Еуропа жеңілмеуге тиіс тағы бір жаһандық бәсекелестіктің сынағы", — деді ол.
Зеленский сонымен қатар ЕО-дан Киевке көмектесу үшін қосымша жарналарды мақұлдауды талап етті.
"Жылына бес милллиард еуро, бес жыл бойы. Бұл айқын бағыт", - деді ол.
Сонымен бірге Зеленский Еуропалық одақ басшыларына көмек пакетін бөлгені үшін алғыс айтты.
Бұған дейін Еуропалық Кеңес басшысы Чарльз Мишель Брюссельдегі саммитте ЕО басшылары Украинаға макро қаржылық көмек ретінде 50 миллиард еуро беруге келіскенін хабарлады.