Ұлттық музей Назарбаев мүсіні неліктен алынып тасталғанын түсіндірді

Атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты ескерткіш енді музей қорында сақталады
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық музейдегі мүсіні алынып тасталды. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ұлттық музей атриум залының реэкспозициясын қолға алды. Оның негізгі міндеті – келушілер үшін ыңғайлы рекреациялық аймақ ретінде қызмет ету. Алдағы уақытта "Тәуелсіз Қазақстан" залының реэкспозициясы бойынша жұмыстар жүргізіледі. Өйткені музей 10 жылдан бері жаңартылмаған. Ал ескерткішке келетін болсақ, бұл экспонат музей мүлкі және Атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақтауда болады", - деп түсіндірді музейдің баспасөз қызметі.
Таяу арада музейдің экспозициялық кеңістігі жетілдіріліп, бірқатар көрме зары жаңарады. Ғимараттың ішкі бөлігі және сыртқы қасбеті жөнделіп, материалдық-техникалық жағынан қайта жарақтандырылады.
Былтыр музейге алыс-жақын шетелдерден 600 мыңға жуық адам келген.