Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина 20 авиациялық зымыранмен Ресейдегі нысандарға шабуыл жасамақ болды

Зымырандардың ешқайсысы нысанаға жеткен жоқ
Sputnik
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Украина 20 авиациялық басқарылатын зымыранмен Ресей аумағындағы нысандарға шабуыл жасауға әрекеттенді.
Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше зымырандардың ешқайсысы нысанаға жетпеген. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Қара теңіз үстінде 17 зымыранды, Қырым түбегінде тағы үш зымыранды жойған.
Ведомство Украина зымырандарының сынықтары Қырымдағы Любимовка ауылы маңындағы әскери бөлімнің аумағына құлағанын атап өтті.
"Авиациялық техника зақымданбады", - делінген хабарламада.