Фото

Саяхатшы фотографтардың ең әдемі суреттері жарияланды – фото

Таңқаларлық пейзаждар, естен кетпес кейіпкерлер және олардың портреттері, жануарлар мен теңіздегі тіршілік иелерінің ерекше бейнелерін Sputnik суреттер топтамасынан қараңыз!
Sputnik
Адамдар мен жануарлардың өмірінен көрініс беретін бұл ерекше кадрлар Travel Photographer of the Year 2023 байқауының үздік жұмыстары тізіміне енді. Бұл суреттерді фотографтар планетаның әртүрлі аумағына саяхаттау кезінде түсірген.
Байқаудың қазылар алқасы жүз елу елден ұсынылған 20 мыңнан астам жұмыстан үздіктерді іріктеп алды! Бұл топтама олардың тек 20-сын қамтиды.
1 / 19

Италияның Пьенца қаласына жақын маңдағы бидай алқабы. Түн салқын болғандықтан, ерте таңғы уақытта ландшафтты қалың тұман басып тұрады. Словениялық AndreJa Ravnak түсірген бұл сурет байқаудың жеңімпазы атанды.

2 / 19

Навахо штатындағы де Челли каньонын бойлап қойларды бағып жүрген анасы мен қызы. Бұл аймақты 5 мың жылдан бері дине (навахо) байырғы халқы мекендеп келеді. Суретті АҚШ фотографы Caden Shepard Choi түсірген.

3 / 19

Пәкістанда ұлдар мен қыздар бөлек сыныптарда мұсылманша білім алады. Алайда калаштар Пәкістан мен көрші Ауғанстан шекараларын мекендейді. Бірақ мұндағы мектептерде бірлескен білім беру әдісі қолданылады. Мұнда гендерлік әртүрлілік пен бірлік үрейленетін нәрсе емес деп қарастырылады. Балалар бірдей және бір сыныпта білім алады. Суретті түрік фотографы F.Dilek Yurdakul түсірген.

4 / 19

Нигерияның "Special Eagles" ампутант-мүгедектер арасындағы ұлттық футбол командасының төрт мүшесі жағажайда мұхитқа қарап тұр. Суретті Ұлыбритания фотографы Jack Lawson түсірген.

5 / 19

Исландия. Бұл 360 градустық панорама дрон көмегімен түсірілген. Ол Скафтафелсйокульл мұздығынан, мұздық көліне, мұздық өзеніне, содан кейін артқы жақтағы мұхитқа дейінгі мұздық суларының бүкіл жолын көрсетеді. Суретті Франция фотографы Armand Sarlangue түсірген.

6 / 19

"Филиппин. Сары Гобби өзінің үйіне айналған шыны бөтелкенің аузынан мұхитты тамашалап тұр", - деп жазды сурет авторы және АҚШ фотографы Martin Broen.

7 / 19

Байкал көлі, Ресей. Бақсы әруақтардан күн сәтті болуын сұрап ырым жасап жатыр. Суретті грек фотографы Athanasios Maloukos түсірген.

8 / 19

Намибия құмдарында шауып бара жатқан бөген. Суретті ресейлік фотограф Сергей Горшков түсірген.

9 / 19

Мексика. Тұтасқанат Мобула судан секіріп шықты. Суретті АҚШ фотографы Martin Broen түсірген.

10 / 19

Қытайдағы Чжомулан ауылы. Көпғасырлық үйдегі адамдар. Суретті Қытай фотографы Sun Bin түсірген.

11 / 19

"Хайлайн 179 аспалы көпір астынан қарағандағы көрініс. Көпір мен адамдар ескі видеоойынға ұқсайды", - деп жазды Нидерланды фотографы Josien van Geffen.

12 / 19

Камчатка, Ресей. Қоңыр аю табаны. Суретті ресейлік фотограф Сергей Горшков түсірген.

13 / 19

Литли Хрутур жанартауы, Исландия. "Әкем екеуміз жанартауды көру үшін Исландияға бардық. Мен бұл суретті бірінші күні кішкентай ұшақтың терезесінен түсірдім. Батып бара жатқан күн жанартау төбелеріне көлеңке түсіргенін ұнаттым", - деп жазды АҚШ-тағы жас фотограф Zayan Durrani.

14 / 19

"Вьетнам. Жаз айларында Хойан маңындағы Ту Бон өзенінде таңертең балықшылардың олжаларын тексеру үшін ауларын көтеріп жатқанын көруге болады. Бірнеше ай бұрын балықшыны суретке түсіріп алып, мен мінген қайық иесінен ауларға қаншалықты жақындай алатынмызды сұрадым. Ол қайықты ауға барынша жақындатып, мен анық суреттер түсіріп алдым" – деп жазды британиялық фотограф Julian Elliott.

15 / 19

Ямагата префектурасы, Жапония. Қардың еруіне байланысты қыстың соңынан жаздың басына дейін Сиракава көлі суға толып, мұнда "су басқан орман" пайда болады. Көлдегі судың түсі ашық көктен ашық жасылға дейін өзгереді, ал тұман су астындағы орманға ұқсайтын фантастикалық пейзаж тудырады. Суретті жапон фотографы Kazuaki Koseki түсірген.

16 / 19

Иордания. "Батып бара жатқан күннің соңғы сәулелері Петраның әйгілі қаазына ғибадатханасына түсіп тұрған шақта бәдеуи жартастар арасында секіріп жатыр. Күн батқанда бір кездері жоғалған қалада күн мен түнде пайда болатын екі түрлі рух бар сияқты көрінеді", - деп суреттейді италиялық фотограф Andrea Peruzzi.

17 / 19

Аргентина, Ла-Пуне құмды төбелеріндегі серуен. Суретті австралия-испаниялық фотограф Ignacio Palacios түсірген.

18 / 19

Кения. Басқа бөгендер өзеннен өтуге асығып жатқан шақта үйірінен адасып қалғандай күйде тұрған жалғыз бөген. Суретті кениялық фотграф Rohan Neel Shah түсірген.

19 / 19

"Адамның жасы – ол жай ғана сан" деген ұранды ұстанатын 85 жастан асқан қариялармен таныс болыңыздар. Әрбір спортшыға үлкен қошемет көрсетіліп жатыр", - деп жазды бельгиялық фотограф Alain Schroeder.