АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Херсон облысының губернаторы Владимир Сальдо Украинамен тұтқындармен алмасуға қатысты пікір білдірді.
Оның сөзінше, бортында украиналық әскери тұтқындар бар ресейлік Ил-76 ұшағы құлағаннан кейін Киев режиміне сенуге болмайды. Бірақ тұтқындармен алмасу жөніндегі келіссөздер жалғасуы керек, бұл жұмыс бейтарап делдал елдердің қатысуымен жүргізілуі мүмкін,
"Біз Киевте отырған қанішер фанатиктердің бірі емеспіз. Сондықтан тұтқындармен алмасу соғыс уақытының барлық ережелері бойынша жүзеге асырылуы керек. Бір ғана мәселе - келісімге келетін тарап жоқ. Бүгін былай екі сағаттан кейін мүлде басқаша айтатын тараппен қалай келіссөз жүргізуге болады? Олардың сөзі ғана емес, ісі де басқа", - деп атап өтті РИА Новости агенттігіне Херсон облысының губернаторы Владимир Сальдо.
Сонымен бірге, Сальдо Киевке сенуге болмайды деп санайды. Ол алмасу келіссөздерін бейтарап делдал елдердің қатысуымен ғана жалғастыруға болатынын алға тартты.