Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ил-76-ны америкалық Patriot зымыраны атып түсірді – Путин

Мәскеу лаңкестік шабуылға қатысты халықаралық тергеу жүргізуді талап етеді
Sputnik
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Владимир Путин Ил-76 әскери-көлік ұшағын америкалық Patriot зымыраны атып түсіргенін хабарлады.
"Ұшақты атып түсірген америкалық Patriot жүйесі екені анықталды. Мұны сараптама анықтады", – деді Путин.
Путиннің айтуынша, Ресей Белгород облысындағы адамдардың өмірін қиған ұшақ апатына қатысты халықаралық тергеу жүргізуді ұсынып отыр.
"Біз мұны сұраймыз және талап етеміз. Бірақ ресми ұйымдар ниет танытып отырған жоқ", - деді Путин.
Еске сала кетейік 2024 жылдың 24 қаңтарында түстен кейін Белгород облысы, Корочанский ауданы Яблоново ауылы маңында Украина қарулы күштері бортында 65 украиналық тұтқыны бар Ил-76 әскери-көлік ұшағын екі зымыранмен атып түсірді. Барлық экипаж мүшесі қайтыс болды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресейде украиналық сарбаздар мінген ұшақ апатқа ұшырады