Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Белгородтың сегіз елді мекені атыстан кейін жарықсыз қалды

Атыстан зардап шеккендер жоқ
Sputnik
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Украина тарапы оқ жаудырғаннан кейін Белгород облысының сегіз елді мекені жарықсыз қалды, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы губернатор Вячеслав Гладков Telegram арнасынлда айтты, деп хабарлады Риа Новости.
"Шебекинск қалалық округінің Панков елді мекеніне Украина қарулы күштері тарапынан оқ атылды. Зардап шеккендер жоқ. Красное, Первомайский, Ленинский кенттері, Марьино, Мухин, Панков елді мекендері, Вознесеновка және Нежегол ауылдарында электр желісі бұзылып, сегіз елді мекеннің абоненттері жарықсыз қалды", - деді Гладков.
Губернатор жедел қызметтер қорғаныс министрлігімен келісілгеннен кейін зардаптарды жоюға кірісетініне уәде берді.
Панков елді мекені Украина шекарасынан бір шақырымдай жерде орналасқан. Шебекинск қалалық округі Украинаның Харьков облысымен шектеседі.