"Азаттық" радиосы* Қазақстанның сыртқы істер министрлігін сотқа берді

Оған басылымның 36 қызметкерін аккредиттеуден бас тартуы себеп болған
Sputnik
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. "Азаттық" радиосы* (АҚШ қаржыландыратын ""Радио Свобода"-ның Қазақстандағы бөлімшесі*) сыртқы істер министрлігін сотқа берді.
Оған басылымның 36 қызметкерін аккредиттеуден бас тартуы себеп болған.
Қазақстан парламентінің депутаты Никита Шаталов бұл іс пен өзі дайындап жатқан бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға енгізілген түзетулердің байланысын "кездейсоқтық" деп атады.
"Біз не істеуге болатынын, не істеуге болмайтынын нақты анықтадық. Біз қазақстандық ақпараттық өрісті өтіріктен, арандатушылықтан және айла-шарғыдан қорғаймыз", - деді депутат.
Депутат конституциялық құрылысты бұзуға, жаппай тәртіпсіздікке шақыратын немесе Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне басқа да жолмен қатер төндіретін шетелдік БАҚ-тарды аккредиттеуден бас тартуды ұсынатынын айтты.
Бұған дейін ҰҚШҰ-ны "Ресей басқарады" деген сөз үшін "Азаттық" радиосына* айыппұл салынған болатын.
*БАҚ – Ресейдегі шетелдік агент.