Астанада оқушы қызды зорлағандар қамауға алынды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да бұл ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті
Sputnik
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Астанада 11-сынып оқушылары 8-сыныпта оқитын қызды жабылып зорлаған. Зәбір көрсеткен жасөспірімдер қазір қамауда, деп хабарлайды КТК.
Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Кейін полиция да растады. Бірақ қылмыстың қалай, қайда болғаны ашып айтылған жоқ. Астана полиция департаменті тек "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер" бабы бойынша тергеуді бастағанын хабарлады.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да бұл ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды обудсмен.
Қазір Зәкиева теперіш көрген қыздың анасымен байланыста және онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.