Жемқорлық жайында хабарлаған азаматтар қалай қорғалады

Құқықбұзушылық туралы хабарлаған азаматтарға қысым көрсету жағдайларының алдын алу да қарастырылып отыр
Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды қорғайды. Сонымен қатар ақпараттың құпиялылығы жөнінде келісім жасалады, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл – еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтың бірі. Биыл Шымкентте осындай алты келісім жасалған. .
Мәселен, еңбек даулары келісім комиссиясының қатысуымен қаралады. Отырысқа міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі шақырылады. Егер қызметкерді қудалау белгілері байқаса, жергілікті орган немесе прокуратураға жұмыскердің құқығы бұзылғандығы туралы хабарлама жіберіледі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтардың бірі - сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғау шараларының жүйесін жетілдіру. Қабылданған нормалар, біріншіден, адамдардың еңбек мүдделерін қорғауға бағытталған", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасау қағидалары қабылданып, қазіргі уақытта нысандары бекітілген болатын.
Өңірлер
Атырау облысында жемқорлық туралы хабарлаған тұрғын 12 млн теңге сыйақы алды