Майқайыңдағы апат: іздестіру-құтқару жұмысы қалай жүргізіліп жатыр

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 138 адам, 40 техника, 3 кинологиялық есептоп және 2 дрон жұмылдырылды
Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. "Майқайыңалтын"АҚ аумағындағы опырылған жердің түбінде габаритті емес тас толығымен бөлшектелді. Оның ұзындығы 8 метрді, ені 7 метрді, қалыңдығы шамамен 2 метрді құрады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Экскаваторлар топырақ пен тау жыныстарын қайта экскавациялауды жалғастыруда. Опырылған жердің түпкі жағында басқа да үлкен тастар бар. Сонымен қатар оларды экскаватор гидравликалық балғаның көмегімен бөлшектейді
29 қаңтарда опырылған жердің түбінен қосалқы дөңгелек пен автобустың басқа бөліктері табылды. Жұмыс жалғасуда.
Опырылған жердің түпкі жағында операцияны жүргізуге солтүстік беткейде бір экскаватор, гидравликалық балға саптамасы бар бір экскаватор, тролльдерді созуға екі бульдозер, экскаваторларды сақтандыруға екі бульдозер, Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 15 құтқарушысы, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының15 құтқарушысы, 2 тау-кен инженері жұмылдырылды.
Топырақтың тұрақсыздығына, ықтимал бос жерлерге және топырақ пен тау жыныстарының үнемі сырғуына байланысты опырылған жердің түбіндегі жұмыстарға көп техника мен мамандарды тарту мүмкін емес. Құтқарушылардың өміріне үлкен қауіп төніп тұр. Сондықтан бір немесе екі шағын экскаватор және техниканың бағытын үйлестіру үшін бірнеше маман түбіне түседі, қалғандары жиегінен қызметкерлерді сақтандыру кабельдерінің көмегімен шығарып алу үшін шетінен сақтандырылады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 138 адам, 40 техника, 3 кинологиялық есептоп және 2 дрон жұмылдырылды.