АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. 31 қаңтар күні елорданың спорт секцияларына орындар бөлініп, ваучерлер беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
"Астана қаласының мемлекеттік спорттық тапсырысы бойынша операторлары 2024 жылғы 31 қаңтар сағат 18:00-ден бастап қалыптасқан кезекке сәйкес автоматты режимде damubala.kz порталы арқылы орындарды бөлу және ваучерлерді (1680) беру жоспарланғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.