Биыл запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады

Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді
Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Биыл Қазақстанда запастағы офицерлер 24 айға мерзімді әскери қызметке шақырылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет қаулысына қол қойды.
"Қаулыға сәйкес офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылады. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.
Қаулыға сәйкес:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – 600;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 42;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі – 30
Барлығы – 752 офицер. Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.