Өңірлер

Сирияда соғысқан қазақстандық елге жеткізілді

22 жастағы қазақстандық – Түркістан облысының тумасы
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияда соғысқан қазақстандықты елге жеткізді.
"27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті 22 жастағы қазақстандық Ыстанбұлдан Алматыға айдауылмен депортацияланды", - деп хабарлайды ҰҚК.
Тергеу материалдарына сүйенсек, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, қаруланған топтардың бірінің құрамына кірген.
ҰҚК күдіктіні ұстау және отанына беру операциясын түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жас жігіт сот санкциясымен қамауға алынды.
Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Қоғам
Он жыл бойы Сирияда соғысқан қазақстандық елге жеткізілді