АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Қазақстандағы әуе тасымалы былтыр қаңтар-желтоқсанда 9%-ке қымбаттаған, деп хабарлайды Ranking.kz.
Былтыр әуе тасымалы саласына инвестициялар 57,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 2,3 есе көп.
"Инвестициялардың ең көп көлемі Шымкентте - 34,4 млрд теңге. Сондай-ақ 17,8 млрд теңге Алматыға, 5,4 млрд теңге Астанаға, 27,4 млн теңге Алматы облысына жіберілген", - дейді ақпарат порталы.
Әуе көлігі кәсіпорындарының тасымалдаудан түскен табысы 745,1 млрд теңгеге жетті, оның ішінде жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат — 731,9 млрд теңге, ал жүк — багажды тасымалдаудан - 13,2 млрд теңге түскен.
"Осы кезеңде жүк айналымы 53,7 млн ткм болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4% - ға аз. Өкен жылдың он екі айында 13,3 млн адам әуе рейсі арқылы жолаушылаған. Ұшақ арқылы ең көп сапар шегетіндер - алматылықтар", - дейді Ranking .kz.
Жолаушылар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 28,8%-ке артық.