Қазақстан КСРО кезіндегі өнертабыстар құпиясын жою туралы хаттаманы ратификациялады

Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өнертабыстар құпиясын жою туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы 1999 жылғы 4 маусымдағы "Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұл келісімге 1999 жылы 4 маусымда Минскіде қол қойылды. Қазақстан оны 2001 жылы ратификациялады.