Қазақстан 20-дан астам әуежайды еуропалық инвесторлардың басқаруына беруге дайын - министр

Әуежайлар жеке инвестицияларды тарту және әуежайларды транзиттік хаб ретінде дамыту үшін беріледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Қазақстан 20-дан астам әуежайды Еуропадан келген инвесторлардың басқаруына беруге дайын, деп хабарлады көлік министрі Марат Қарабаев Еуроодақ-Орталық Азия көлік инвестфорумында.
Қазір Астана мен Алматы әуежайлары шетелдік компаниялардың басқаруында.
"Біз Қазақстанның қалған 22 әуежайын еуропалық инвесторлардың басқаруымен жеке секторға беруге дайынбыз. Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік хаб болуына үлкен әлеует бар", - деді Қарабаев.
Әуежайлар жеке инвестицияларды тарту және әуежайларды транзиттік хаб ретінде дамыту үшін беріледі.
Бұған дейін Қарабаев Астана әуежайы араб инвесторларына берілгеннен кейін қалай өзгеретінін айтқан болатын.
Атап айтқанда, инвесторларға (олардың ішінде Abu Dhabi Ports) ұшу-қону жолағын жөндеу міндеті қойылды.
Қарабаевтың айтуынша, шетелдік инвесторларға Қазақстан үш шарт қойып отыр.
Біріншісі - ұшу-қону жолағын толығымен жөндеу. Осылайша, біз республикалық бюджетке түсетін жүктемені едәуір төмендетеміз, бұл ақшаны халықтың басқа да қажеттіліктеріне бағыттаймыз. Екіншісі – олар аэровокзал кешенін жөндеуі керек. Үшіншісі – осы алаңда үлкен авиахаб құру.
Қарабаевтың айтуынша, инвесторлар әуежайдың айналасында "менеджменттің мүлдем жаңа деңгейін" құруды ұсынды, оған үлкен қоймалар, жаңа қонақ үй кешендері және әуежай қызметкерлері үшін бөлек аймақ кіреді.