Каспий жағалауында 80 мың гектар жерді кәсіпкерлер заңсыз иемденіп алған

Сот учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Маңғыстау облысының Каспий жағалауында орналасқан 115 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды "24KZ".
Олардың жалпы ауданы 80 мың гектар. Жер телімдерін ірі кәсіпкерлер заңсыз иемденіп алған. Олар қонақ үйлер мен демалыс базаларын салмақ болған. Бірақ 10 жыл бойы олар жерді игермеген. Сот учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Шешім заңды күшіне енді.
"Бұл учаскелердің кадастрлық құны-9 миллиард теңге. Нарықтағыжан 3 есе көп. Бұл негізінен Каспий теңізінің жағалауындағы "алтын" учаскелер, олар бұрын олигополия субъектілеріне тиесілі болған", - дейді облыс прокуратурасы басқармасының басшысы Мерген Меңдіғалиев.
Сонымен қатар Ақтау прокурорлары нүктелік құрылыс бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Нәтижесінде сот арқылы 32 заңсыз нысан бұзылды. Бес құрылыс салушы құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиядан айырылды.