Еуропада қазақ күресінің жеңімпаздары анықталды

Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Әзірбайжанның Баку қаласында қазақ күресінен ересектер арасында 6-шы Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Чемпионат 16 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Оған ерлер мен әйелдер қатысып, қазақ күресінің мықтыларын анықтады.
"2022 жылы Астана қаласында үш жас тобын (ересектер, жастар, жасөспірімдер) қамтыған тұңғыш Әлем чемпионаты өткен болатын. Сол біріншілікке 40-қа жуық мемлекеттің балуандары қатысып, жарыс көрігін қыздырған еді. Сол дүбірлі додада сыналған бірқатар балуандар Еуропа чемпионатына ерекше дайындықпен келгені анық байқалды", - дейді спорт сарапшылары.
Қазақ күресінен Еуропа чемпионатында Грузия мен Әзербайжан балуандары топ жарды.
Ерлер:
55 келі – Ника Бачиашвили (Грузия);
60 келі – Эйваз Бакшиев (Әзербайжан);
66 келі – Мирфаттах Сейдалиев (Әзербайжан);
74 келі – Хаджали Гасимов (Әзербайжан);
82 келі – Адиль Адильзаде (Әзербайжан);
90 келі – Джейхун Гусеинов (Әзербайжан);
100 келі – Зураб Чагелишвили (Грузия);
+100 келі – Махаммад Маммедзада
Әйелдер:
48 келі – Нино Яшвили (Грузия);
52 келі – Анано Моргошия (Грузия);
56 келі – Мариам Мазанашвили (Грузия);
60 келі – Мари Махарашвили (Грузия);
65 келі – Диана Шоранова (Әзербайжан);
70 келі – Ана Чкхайдзе (Грузия);
77 келі – Шахана Алмаммадова (Әзербайжан);
+77 келі – Елена Кебадзе (Грузия);
Чемпионатта І орынға - 1 000, ІІ орынға - 500, ал ІІІ орын үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақылар табысталды.
Айта кетері, әлем бойынша 40-тан астам мемлекетте қазақ күресі федерациялары ашылған. Осы уақытқа дейін 10 Әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 Әлем кубогі және 5 Еуропа чемпионаты ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, Иран мен Бразилияда кадеттер мен жастар арасында әлем чемпионаттары, Оңтүстік Африкада 2 Африка біріншілігі, Бразилияда Оңтүстік Америка чемпионаты өтті.