Бұрынғы әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзарды

Бұл жолы қамауда ұстау мерзімі 21 ақпанға дейін ұзартылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды, деп хабарлайды Астана қаласының соты.
Марат Бекетаев былтыр қараша айында ұсталған болатын. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Өткен жылы 29 желтоқсанда экс-министрді қамауда ұстау мерзімі ұзарған болатын.
Бұл жолы қамауда ұстау мерзімі 21 ақпанға дейін ұзарды.
"2024 жылғы 12 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 ақпанға дейін ұзартуға санкция берді", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұрынғы әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды