Шымкентте жаңа сейсмологиялық станция салынады

1927 жылдан бері жұмыс істеп келе бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозған
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 қаңтар — Sputnik.Шымкентте сейсмологиялық станция бар. Мұнда сейсмикалық деректерді жинау, талдау, өңдеу, жер сілкінісі ошақтарының класын, магнитудасын және бағытын анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Станцияда 3 жұмысшы қызмет атқарады. 1927 жылдан бері жұмыс істеп келе бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков "Шымкент" сейсмологиялық станциясының жұмысымен танысты.
Бекеттің жай-күйін көрген қала әкімі жауаптыларға жаңа ғимарат салуға тапсырма берді.
Сондай-ақ, Ғабит Сыздықбеков сауда логистикалық орталықтағы көпфункционалды қойма кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады.
Жаңа көкөніс қойма кешені 6 гектар аумақта салынуда. Жеке инвестор есебінен қаржыландырылған инвестициялық жобаның жалпы құны – 10 239 млн теңге. Биыл іске қосылатын қоймада 107 адам жұмыспен қамтылады.
Құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау жалғасатынын жеткізді.