АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Маңғыстау атом-энергетика комбинатында апат болды. Жағдай ерекше бақылауға алынды, деп хабарлады "МАЭК"ЖШС баспасөз қызметі.
""МАЭК" ЖШС жылу энергетика станциясы жедел персоналы 24 қаңтарда турбоагрегат мойынтірегіндегі дірілдің ұлғаюына байланысты №1 энергоблокты түсіріп, мәжбүрлі түрде тоқтатты. Өңірдің энергия тапшылығына байланысты мұнай саласының ірі тұтынушылары шектелді", - дейді компания.
Электр станциясының мамандары ақаудың себебін анықтаған.
"Жағдай ерекше бақылауға алынды. Комбинат қызметкерлері жұмысты қалпына келтіру үшін барынша күш жұмсады. Энергия блогын жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды", - дейді ведомство.
27 қаңтарда №1 энергоблок жұмысқа қосылды. Оның жүктемесі 150 МВт. Қазіргі күні Маңғыстау облысының тұтынушылары "МАЭК" ЖШС тарапынан электр және сумен қамтамасыз етіліп жатыр