Елордада қар күреуге 2,3 мыңнан аса жұмысшы жұмылдырылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 қаңтар — Sputnik. Елордалық коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қар тазалау жұмыстарына 2 335 Жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
27 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 335 жол жұмысшысы мен 1 442 арнайы техника шықты.
Өткен түнде қаладан 27 240 текше метр қар шығарылды, бұл 2 206 ауыр жүк көлеміне тең.
Қыс мезгілінде елордадан үш миллион текше метрге жуық қар жиналып, шығарылды, яғни полигондарға жүк көлігімен 218 465 рейс жасалды.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, 27 қаңтарда елордада күн бұлтты болып, кейде қар жауып, боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 9-14, түнде 15-20 м / с. болса, ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -13-15 градусқа дейін төмендейді.