Оқиға

Қазақстан шекарасында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікпен ресейлік ұсталды

Күдікті шекарадан таксимен өтіп кетпек болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында 23 қаңтарда Новосібірде әйел мен оның кішкентай қызын өлтірді деген күдікке ілінген Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
"Әріптестерінің айтуынша, қылмыскер аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін көрші мемлекеттерде жасырынбақ болған. Хабарламаны алғаннан кейін елдің криминалдық полициясы Қазақстанның ішкі істер органдарының жедел, көші-қон және басқа да бөлімшелері тиісті жедел-іздестіру шараларын жүргізді", - делінген хабарламада.
Күдікті Түркістан облысындағы шекара бекетінде мемлекеттік шекарадан таксимен өтпек болған кезде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.
Ресейлікті қылмыс жасаған елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Алматыда екі баланы туған әкесі өлтірді – оқиғаның мән-жайын әжесі айтып берді