АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады. Белгісіз ер адам жолға таласып, жедел жәрдем жүргізушісін ұрған.
"Полиция қызметкерлері "жедел жәрдем" жүргізушісіне дене жарақатын салған қарағандылықты анықтады. Қазір оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұзақылықпен адам денесіне қасақана жарақат келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп атап өтті полиция департаменті.