АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында ағасы мен қарындасын көршісі пышақтап тастады, деп хабарлайды Lada.kz.
20 жастағы жігіт пен оның 14 жастағы қарындасы көршісінен зардап шеккен.
Полицияның мәліметінше, күдікті ер адам мас болған.
"Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауда. Өзге ақпарат жария етілмейді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы – орташа ауыр.
"Зардап шеккендер – 20 жастағы жігіт пен оның 14 жастағы қарындасының жағдайы орташа ауыр, жақсару динамикасы бар. Оларға шұғыл операция жасалды", - деді Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Берік Қауынов.