АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемді есірткі контрабандасы арнасының жолын кесті, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Комитеттің мәліметінше, 18 қаңтарда рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарлардың арасынажасырылған шамамен 100 кг есірткі заты табылып, тәркіленді.
Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.