Қарағанды облысындағы жолда 17 көлік соқтығысты

Қарағандылық полицейлер тұрғындарға жолға шықпауды ескертеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. Қарағанды Теміртау тас жолында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 26 қаңтарда сағат 15:00 шамасында болған.
“Ауа райы нашарлап, салдарынан Қарағанды – Теміртау жолында ірі жол апаты болды. Жол апатынан “Алматы - Астана” бағытындағы автобус пен 16 жеңіл көлік соқтығысты. Екі адам ауруханаға жатқызылды”, - деп хабарлайды ведомство.
Қарағандылық полицейлер тұрғындарға жолға шықпауды ескертеді.