Дәстүр бойынша сән апталығында кутюрьелер талғампаз жұртшылыққа өздерінің ең әсерлі өнімдерін ұсынды.
Сәнді киімдердің бірінен бірі асып түсетін үлгілері таң қалдырды.
Көктемгі-жазғы жаңа топтаманы бренд командалар әзірледі.
Өйткені дизайнерлік сән апталығы – бұл өз шеберлігін, қиялын көрсету және әлем үшін жаңа трендтерге бастау беру мүмкіндігі.
Сән апталығында күрделі өрнектер мен дизайн, біртүрлі, бірақ есте қаларлық бейнелер, әдеттегі стандарттардан ерекшеленетін көйлектер мен киімдер болды.
Тіпті бір қарағанда сәндік бұйымға, бір қарағанда бетпердеге ұқсас дүниелер де болды. Дизайнерлер қиялдарына ерік бергені байқалады.
Әйелдер бас киімдері де түрлі нұсқада ұсынылды.
Дегенмен қанық қызыл түсті көйлек әрқашан сұраныста болады. Бастысы, ол көйлекті қалай ұсынуда болып тұр.
Алқызыл түс барлық кезде тартымды.
Инелікті де киім үлгісіне етене енгізген нұсқалар кездесті.
Модель Наоми Кэмпбелл Париждегі сән апталығында Balmain Menswear Ready-to-wear топтамасынын таныстырып тұр.
Алқызыл түс пен алтынның мінсіз үйлесімі.
"Сауыт" көйлектер толықтай жаңа нұсқада ұсынылды.
Классикалық қара мен ақ түсті қара және сарғыш түстер үйлесімі алмастырды.
Ежелгі грек әйел құдайларының әсерлі бейнелері көрермендерді бей-жай қалдыра алмады. Бұл өте әдемі!