Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ЕҚЫҰ өкілі Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының салдарын талқылауға шақырды

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу және әлсірету саясаты – Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы болып және санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы берді деп мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Мәскеу Батыс елдерінің Ресей Федерациясына қарсы енгізген біржақты санкцияларының салдарын талқылау және одан әрі экономикалық өзара әрекеттестік келешегі туралы ойлану қажет деп санайды. Бұл туралы Ресейдің ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Александр Лукашевич мәлімдеді, деп хабарлады РИа Новости.
"Батыс елдерінің Ресейге қарсы енгізген заңсыз біржақты шектеу шараларының жаһандық өндіріс, сауда, көлік және логистикалық қарым-қатынастарға орасан зор салдарын талқылау және ЕҚЫҰ кеңістігінде одан әрі экономикалық әрекеттестіктің келешегі туралы ойлану қажет деп санаймыз", - деді Лукашевич бейсенбі күні ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің кезектен тыс отырысында.
РФ Батыстың Ресейге қарсы санкциялық қысымына елдің төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеді. Мәскеу Батыста Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың сәтсіздігін мойындауға батылдық жетіспейтінін айтты. Батыс елдерінің өзінде де Ресейге қарсы санкциялардың тиімсіз екендігі туралы пікірлер бірнеше рет айтылды.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу және әлсірету саясаты – Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы болып және санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы берді деп мәлімдеді.