АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы мен Оңтүстік Африка Республикасының сауда және индустрия министрлігі мен ауыл шаруашылығы, жер реформасы және ауылды дамыту министрлігінің өкілдері арасында келіссөз өтті.
ЕЭК өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев пен Оңтүстік Африка Республикасының сауда және өнеркәсіп министрлігінің екіжақты байланыстар жөніндегі бас директоры Малосзе Летсоало өнеркәсіптің басым салаларында бірлескен жұмысты құру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен Оңтүстік Африка мемлекеттерінің өнеркәсіптік кешендерінің ерекшеліктері мен даму қарқынын талқылады.
Тараптар ашық талдау ақпараттарымен, оның ішінде негізгі инвестициялық мүмкіндіктер мен әртүрлі салалардағы озық тәжірибелер бойынша өзара алмасу туралы келісті, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың басымды қадамдарын белгіледі.
Оңтүстік Африканың Республикасының сауда және индустрия министрлігінің жаңартылатын энергия көздері жөніндегі бас директоры Жерар Фурье және Николай Кушнарев баламалы және жаңартылатын энергия көздеріне арналған жабдықтар, құрамдас бөліктер мен материалдар саласындағы технологиялар трансфертінің үздік халықаралық тәжірибесін қарастырды. ЕЭК өкілі Одақтағы жаңартылатын энергия саласындағы өнеркәсіпті ынталандыру бойынша Комиссия жүргізіп жатқан жұмыс туралы айтып берді.
ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры сондай-ақ әріптестерімен мүше мемлекеттердің өндірушілері үшін Оңтүстік Африка нарығына ғана емес, бүкіл Африка континентіне шығу нүктесі бола алатын Еуразиялық экономикалық одақтың индустриялық аймақтарын құру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, келіссөз барысында тараптар ЕАЭО және БРИКС елдері өнеркәсіп министрлерінің кездесуін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырды.
Армен Арутюнян мен Оңтүстік Африка Республикасының ауыл шаруашылығы, жер реформасы және ауылды дамыту министрлігінің халықаралық қатынастар және сауда департаментінің бас директоры Финдев Дингил ауыл шаруашылығы саласындағы өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымын, атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы, органикалық өнімдерді сертификаттау, дәлме-дәл ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығын цифрландыру, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологияларды қолдану, бәсекеге қабілеттілікті арттыру сынды мәселелерді кездесу барысында талқылады.