Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Әскери операция аймағына техника дер кезінде жеткізіліп жатыр - РФ қорғаныс министрі

Сонымен қатар Шойгу Ресей қорғаныс өнеркәсібі қару-жарақ пен оқ-дәрілер өндірісін айтарлықтай арттырғанын айтты
Sputnik
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Арнайы операция аймағына қару-жарақ пен техника дер кезінде жеткізіліп жатыр,, деп мәлімдеді Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу. 

"Арнайы әскери іс-қимылдар аймағына қару-жарақ пен жою құралдары дер кезінде жеткізіліп, қарулы күштердің бірлескен топтарының жауынгерлік қабілетін арттырып жатыр", - деді Шойгу Әскери өнімдерді қабылдаудың бірыңғай күнінде. 

Оның айтуынша, қару-жарақ пен техниканы орнында жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің қалыптасқан жүйесі оларды қалпына келтіруге кететін уақытты айтарлықтай қысқартып, пайдалануға дайындығын арттырды. 

Сонымен қатар Шойгу Ресей қорғаныс өнеркәсібі қару-жарақ пен оқ-дәрілер өндірісін айтарлықтай арттырғанын айтты. 

"Біз негізгі сұранысқа ие қару-жарақ пен оқ-дәрілер өндірісін айтарлықтай ұлғайта алдық. Атап айтқанда, бұған өндірістік қуаттарды кеңейту және жаңғырту, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру ықпал етті", - деді армия генералы.