АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Компанияның негізін қалаушылар Kaspi.kz қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы президентке есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.
Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе мемлекет басшысына Kaspikz компаниясының АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы айтты. Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылған.
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды айтулы жетістігімен құттықтады.
Сонымен қатар кездесуде елімізге әлемдік жетекші инвесторларды көптеп тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту перспективалары талқыланды.