АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Полиция қызметкерлері Телеграм арналарының біріне Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасалатыны туралы ақпарат таратқан адамның кім екенін анықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғынын анықтады", - делінген хабарламада.
Департаменттің мәліметінше, өңірдегі жағдай – құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасалатыны туралы хабарлама таралған болатын.